» » Неке шарты даудың алдын алады

Неке шарты даудың алдын алады

Қазіргі қоғам алдына қойылып отырған маңызды мәселенің бірі – некенің бұзылуы.

Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
Неке бұзылған уақытта ерлі-зайыптылар арасында өзара мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерден тұратын даулар туындауы мүмкін.
Осындай даулар туындамас үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм болуы мүмкін ол, неке шарты деп танылады.
Неке шарты тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш берілген күннен бастап неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тіркелгенге дейiн жасалған неке шарты неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландырылуға жатады.
     Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де қатысты жасалуы мүмкiн.
     Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде шартты өзгерту және бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Неке шартында неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге көзделген мiндеттемелерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
     Ерлі-зайыптылар неке шартын жасамаған жағдайда олардың некеде тұрған уақытында жинаған мүлкі бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
      Некелік-отбасылық заңнамаға сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін және қабілетке жарамдылығын, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды.
      Негізі ортақ мүлікті сот арқылы бөлу ерлі-зайыптылардың екеуіне де тиімсіз.
      Сот арқылы дауласқанда ортақ мүліктің нарықтық бағасын анықтау керек.         
      Сондықтан, ерлі-зайыптылар өз ара келісіп, ортақ мүлікті ақылдаса отырып бөлгендері дұрыс.
                                                   
Аян АЛТЫНБАЕВ.
Жалағаш аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
 «Қызылорда облыстық судьялар Одағының мүшесі»
06 мамыр 2022 ж. 269 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031