НЕКЕ ҚИЮДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес тіркеуші органдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге отыру туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізеді.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдер, "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асады.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер бұл жұмыс күні болмаса, одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Егер тіркеуші органға неке қию туралы өтініш берген кезде некеге отыратын адамның екеуі бірдей қатысуы мүмкін болмаса немесе қатысуы өте қиын болса белгіленген нысан бойынша толтырылған және некеге отыратын адамның екеуі бірдей қол қойған неке қию туралы өтінішті олардың біреуі бере алады. Жоқ адамның қолтаңбасын тіркеуші органның бастығы куәландыруы және азаматтың тұрған жері бойынша тіркеуші органның, нотариустың немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқық берілген өзге де лауазымды адамның мөрімен бекітілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу үшін төмендегіше құжаттар ұсынылады:
1.осы мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысандағы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2.мемлекеттік қызмет алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ;
3.мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4.некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама;
5.Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. ҚР-да уақытша болатын шетелдік ҚР-ның ішкі істер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы ҚР-сы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады. ҚР-да уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдің құзыретті органдары берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелген құжатын ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтінінің нотариатта куаландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
6. Қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзіретті органынан некеге отыруға рұқсаты.
Сонымен қатар, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің АХАТ секторы бойынша ағымдағы жылдың 5 наурызында "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері бойынша «Ашық есік» күні өткізілетінін хабарлайды.

Г.ДҮЙСЕНБАЕВА,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.