» » Нюрнберг процесі

Нюрнберг процесі


ХХ ғасырдың адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген, миллиондаған адамдарды құрбан еткен, қалалар мен елді мекендерді қиратып, басқыншылық соғыс отын тұтантып, нәсілшілдікті мақсат еткен неміс фашизмінің Кеңестер Одағымен соғыстағы жеңілісіне погрессивті күштердің жеңісіне биыл 77 жыл толып отыр.

Осыдан 77 жыл бұрын әйгілі «Нюрнберг процесі» басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты адамзат тарихынды ең зор қырғынға жауапты және теңдесіз зұлымдықты іске асырған ең басты қылмыскерлерлі жауапқа тартуды мақсат еткен талпыныс болатын. Югославияның бұрынғы басшыларын соттап жатқан әскери қылмыстар бойынша халықаралық Гага трибуналы немесе халықаралық қылмыстық сот сынды бүгінгі жаңа құрылымдардың негізі осыдан 77 жыл бұрын немістің Нюрнберг қаласында қаланған. Осында неміс фашистерінің тұтқынға түскен жоғарғы лауазымды 24 көсемі, оның ішінде фашистік Германияның жазалаушы құрылымы Гестапо Герман Герингте, немістердің ең басты нәсілшілдік теротигі Альферд Розенбергке нацистердің сыртқы істер министрі Хахим фон Роббентропқа, Фюрердің ізбасары авиация маршалы Борманға, тағы басқаларға әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыс жасалды деп айып тағылды. Олар барлығы Гитлер, Гебле сияқты өзін-өзі өлтіру сияқты батылдыққа бармады. Соғыстың соңғы айларындағы аға буынның сүйіп көретін «Көктемнің 17 күні» кинофильміндегі көріністерден, «дүниені тек қана аренцтер билейді» деген ұғыммен екінші дүниежүзілік соғысты бастаған Гитлердің нацистерінің жанталаса бас қамдарын жасап батыспен тіл табысудағы құйтырқы әрекеттері сол кездің тарихи оқиғаларын баяндайды. Нюренберг процесінің бірінші сатысы, жұмыс істеп одан кейін 3 жыл бойы жалғасты. Оның ішінде адамзат тарихында алғаш рет белгілі беделдің жоғары лауазымды тұлғалары халықаралық соттың алдында жауапқа тартылды. Оған қоса тұңғыш рет «әскери қылмыстар» және «адамзат баласына қарсы қылмыстар»деген жаңа айдар қабылдап,оларды сот процесінде қолданды. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында ғана адамзатқа қарсы зұлымдық –соғыс қимылдарының «құрамдас бір бөлігі» ретінде қарастырып келген болатын. Сот процесінде АҚШ атынан бас айыптаушы болып қатысқан Роберт Джексон өзінің кіріспе сөзінде «Нюрнберг процесінің» себептерін былайша сипаттаған еді.

– Біздің қаралап, жазаға тартқалы жатқан қыл­мыстардың молдығы соншалықты, олардың зұлым­­дығы мен келтірген кесел-зияны соншалықты өрке­ниетті қоғам оларды ескерусіз қалдыра алмайды.

«Нюрнберг процесінің» 1946 жылы шығарылған өкімі бойынша, сотқа тартылған 24 адамның 12-сі өлім жазасына кесілді. Үшеуі ақталды,қалғандары ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды. Келесі үш жыл бойы созылған он шақты сот про­цесінде нацистердің соғыс жылдарындағы зұ­лым­дық іс-әрекеттерін іске асырғандар немесе зұлым­дыққа ат салысқандар және тағы басқа жауапқа тартылды. Атап айтқанда дәрігерлер,өнеркәсіп иелері және нацистік қызметтің маңындағы «өлім бата­льон­дарының» мүшелері «Гестапо» жендеттері еді. «Нюрнберг процесінде» АҚШ жағынан қатысқан айыптаушы Телфорд Тэйлер:

– Көз көріп, құлақ естіп көрмеген осындай зұлымдық оқиғалардың не ойдан шығарылмай, не ертегі емес,нақты өмірде болғанына ешқашан ешкімнің күмән келтіре алмайтындай айқында бұлтартпай дәлелдегені – жәбір көрген халықтар үшін әлдеқайда маңызды деген болатын. Тарих беттері сарғайған сайын, бұл тарихи баға келешек ұрпаққа сабақ болатыны сөзсіз. Адамдар ХХІ ғасырда өткеннен сабақ алып сақ болыңдар деген өсиетті білдіреді.

Рысбай Кәрімов,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

07 мамыр 2022 ж. 363 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031