РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сонымен қатар, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығына Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ие болады.
Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуымен жиі бетпе-бет келіп, нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені көтере алатын адамдар. Бұл туралы Республикалық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев Жалағаш аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және жастармен өткен кездесуде айтып өтті. Келелі кездесуде алдағы өткелі тұрған жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы айтылды.
Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды шақта ешкім шет қалмауға тиіс. Барша халық тарихи таңдауды жасауда бір болатынына сенемін. Еліміздің болашағы біз бен сіздің қолда – деді Ғалым Әміреев.
Аталмыш кездесуге аумақтық штаб төрағасы, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аумақтық штаб мүшелері, Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Гүлжайна Айтжанова, Қайрат Досымов және Нарбота Серәлі қатысты.
