» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АҚҚЫР АУЫЛЫНДА

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АҚҚЫР АУЫЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Генадий Шиповских Аққыр ауылында болып, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы бойынша кездесу өткізді. Келелі кездесуде Мәжіліс депутаттарымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Референдумды өткізу туралы бастамасы талқыланды. Мәжіліс депутаттары Конституцияға өзгерістер енгізу туралы халыққа түсіндірудегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарда белсенді болатындарын жеткізді.

Жаңа Қазақстанды құру үшін Ата Заңымызды жаңаша, яғни қазіргі заманның талабына сай етіп бекітіп алуымыз керек. Президенттің бұл бастамасын ел болып қолдауға және 5 маусымда өтетін референдумға бірауыздан атсалысуға шақырамын – деді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, біз Мемлекет басшысымен бірге Жаңа Қазақстанды қалыптастырамыз. Бұл үшін бізге бірлік пен ынтымақ қажет. Сондықтан баршаңызды Референдумды қолдауға шақырамын – деді Генадий Шиповских.
12 мамыр 2022 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031