» » Денсаулыққа зиян деп жүрген тағамдардың пайдасы

Денсаулыққа зиян деп жүрген тағамдардың пайдасы

Өзіміз денсаулыққа зиян деп жүрген кейбір тағамдардың адам ағзасына пайдасы мол көрінеді. Мәселен, неміс ғалымдарының айтуынша, жұмыртқа мен картоп, сары май мен сүт өнімдері бір қарағанда адамға зиян көрінгенімен, дұрыстап жесе, ағзаға пайдасы көп екен. Сол тағамдарға тоқталып өтсек.

Жұмыртқа. Жұмыртқада холестерин көп деп жегісі келмейтіндер баршылық. Холестерин болғаны үшін зиянды тағам көреміз. Алайда дәрігер мамандардың айтуынша, адам ағзасында холестерин көбейіп кетуінің негізгі себебі – көп қозғалмау, спортпен айналыспау. Ал ең бастысы генетикалық текке байланысты. Ең соңғы себебі – осы тамақ.
Тамақтан келетін холестерин мөлшері 25 пайыздан аспайды. Демек, холестерин тек тағамнан келеді деген түсінік жаңсақ.
Жұмыртқада пайдалы заттар жетерлік. Құрамында қанықпаған май қышқылы, ақуыз бен дәрумендердің бүкіл түрі бар.
Картоп. Картопта крахмал, яғни, қанттың бір түрі көп болғандықтан, гликемиялық индексі жоғары деп оны зиян көреміз. Гликемиялық индекс дегеніміз – қандағы қант мөлшерін деңгейін көрсететін белгі. Бірақ картоптың да өз пайдасы бар. Мәселен мамандардың айтуынша, картопты асып және суытып жеген пайдалы болады екен.
Сонда құрамындағы крахмал азайып, ішек жұмысына пайдасы артады. Ішектегі пайдалы бактериялардың азығы болатын көрінеді.
Асылған картоптың құрамында жасұсынық мол, В және С тобындағы дәрумендер, калий сынды минералды заттар көп болады.
Сары май. Бұл жерде сары май деп отырғанымыз кәдімгі қазақтың ауылдағы сап-сары майы емес. Дүкендегі өндірістен шығатын сары майды (сливочное масло) айтып отырмыз. Мұндай майда холестерин көп болады деседі. Бірақ жоғарыда жұмыртқаның жайын айтқанда холестериннің негізінен неден көбейетінін айтқан едік.
Сондықтан көп қозғалыста жүретін, генетикалық жағынан холестеринге бейім адам болмасаңыз, сары майдан қорқып қажет емес.
Сары майдың құрамындағы заттар адамның жүйке жүйесіне пайдалы әрі D тобындағы дәрумендерге бай.
Сүт өнімдері. Сүт өнімдері адамды гипертония, диабет, жұқпалы инфекция сынды аурулардан қорғайтын көрінеді. Сүтте D дәрумені көп. Ол адамның иммунды жүйесін жақсартады.
massaget.kz
14 мамыр 2022 ж. 102 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930