» » "Қызымды өліп қалды деп ойладым": Нұр-Cұлтанда терезеден құлап кете жаздаған үш жасар қыздың анасы шындығын айтты

"Қызымды өліп қалды деп ойладым": Нұр-Cұлтанда терезеден құлап кете жаздаған үш жасар қыздың анасы шындығын айтты

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабаттан құлап кете жаздаған үш жасар қыздың анасы Еуразия бірінші арнасына сұхбат беріп, ол күні қайда болғанын және қыздың терезеге қалай шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Үш жасар қыздың анасы өз аты-жөнін айтпауды өтінген, бет-жүзін де көрсетпеді. Оның айтуынша, қызын жалғыз өзі асырап отыр, баласының әкесінен алимент алмайды. Басқа балалардан қалмасын деп, екі жұмысты қатар алып жүруге мәжбүр. 

"11 мамыр өмірімдегі естен кетпес күн болды. Қызым балабақшаға бармайды, өзіммен бірге жұмысқа алып барамын. Балабақшаға берейін десем, бәрі қымбат. 70-100 мыңның аралығында. Дотациямен берейін десем,  баламның кезегі келгенше мектепке баратын уақыты болады", – дейді қыздың  анасы.

Сол күні анасы алыс жолдан келгендіктен, қызының ұйқысын қимай, оны інісіне қалдырып кеткен екен. Айтуынша, сол күні бірінші рет үйге қалдырған. Сосын інісін де жұмысқа шақырып, бала үйде жалғыз қалған.

"Бір-екі сағат болса да, ұйықтасын деп, ұйқысын қимай, үйге бірінше рет тастап кеткен едім. Жұмысым жақын болғасын, барамын да келемін деп ойладым ғой... Мен келгенде адамдар шулап жатты, полицейлер жүр. Не болды десем, сегізінші қабатта бір қыз... Қыз дегесін, өз қызым есіме түсіп, өліп қалды деп ойладым. Ары қарай не болғаны есімде жоқ", – дейді жалғызбасты ана.

Ол қызын қолына алғасын есін жиған.

"Қызым оянып, мені іздеген. Сөйтіп, терезені ашқан. Әйтпесе, мен үйден кетерде бүкіл терезені жауып кеткенмін. Тіпті орындықтарды да балконға кіргізіп кеттім", – дейді ол.

Айтуынша, қызы аяғының астына жұмсақ ойыншықтары мен жастығын қойып терезеге шыққан. Әйел қызын құтқарып қалған азаматтарға алғысын айтты.

"Құтқарған кісілерге көп рақмет! Алладан қайтсын! Ондай нәрсе екінің бірінің қолынан келмейді", – дейді.

Айта кетейік, Сәбит Шонтақбаев 11 мамыр күні досы Сағи Жылқышиевпен бірге сегізінші қабаттың балконында ілініп тұрған үш жасар қызды құтқарды. Нұр-Сұлтан әкімі Сәбит Шонтақбаевқа несие алуға және жұмысқа тұруға көмек берілетінін айтқан еді. Ал отандық құрылыс компаниясы Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер сыйлады. Сондай-ақ Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиевті ерліктерінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы марапатпен марапаттады. Кейін Сағи Жылқышиевке де екі бөлмелі пәтер тарту етілді. 
16 мамыр 2022 ж. 467 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930