» » Телефонмен ойнап отырған қызға найзағай түсіп қаза болды

Телефонмен ойнап отырған қызға найзағай түсіп қаза болды


Индонезияда найзағай жарқыраған уақытта телефонмен ойнап отырған қыз қаза болды.
Оқиға 12 желтоқсанда Батыс Ява провинциясындағы ауылдардың бірінде болды. 6 жасар қыз Салсабила Аю Путри найзағай жарқылдап тұрған уақытта телефонын қарап отырады. Бұл уақытта телефоны қуаттағышқа қосылып тұрған.
Найзағай қыз отырған үйге түседі. Қыздың анасы Видия қуаттағышты тоқ нүктесінен жұлып алғанда оның өзін тоқ ұрады. Сол сәтте қызының еденде ес-түссіз жатқанын көреді. Оның оң жақ беті телефонға тиіп жатқан. Анасы қызының беті күйіп, кеудесі қарайып кеткенін көреді.
Әйел көршілерге көмек сұрап барғанымен, ол кез тым кеш еді. Қызы бұл уақытта тыныс алуын тоқтатқан.
Полицейлердің мәліметінше отбасы қыздың денесін аршып тексеру жүргізуден бас тартты.
syrboyi.kz
17 желтоқсан 2018 ж. 943 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30