» » Қызылордада АвтоХҚО бөлімі ашылды

Қызылордада АвтоХҚО бөлімі ашылды


Қызылордада онлайн түрде рәсімделген, дайын нөмірлерді, техникалық төлқұжатты және жүргізуші куәлігін табыстайтын АвтоХҚО бөлімі ашылды.

Бөлім Астана даңғылы 46, мекенжайы бойынша № 2 ХҚО ғимаратында орналасқан.

Қызылорда қаласының тұрғындары енді онлайн режимінде техникалық төлқұжат, мемлекеттік нөмір алу және жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде Астана, 46 мекен-жайында орналасқан АвтоХҚО-ның жаңа автобөлімінен дайын құжаттарды ала алады. Жаңа бөлімде бір терезе қызмет көрсетеді, онда дайын нөмірлер, техникалық төлқұжаттар және жүргізуші куәліктері беріледі (құжатты жаңарту кезінде ғана, алғашқы жүргізуші куәліктері емтихандарды тапсырғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-да ғана беріледі). Жыл соңына дейін мұндай бөлімдерді Қазақстанның басқа да ірі қалаларында ашу жоспарланып отыр.

Қосымша, барлық аталған мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болатының жеткіземіз. Сондай-ақ Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы көліктерді қайта тіркеуге болады. Жаңа бөлімде электрондық үкімет порталы арқылы тұтынушыларға тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу және банктік қосымшалар арқылы автокөлікті тіркеу жолдарын түсіндіретін кеңесшілер жұмыс істейді.
23 мамыр 2022 ж. 142 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031