» » ЕСІРТКІГЕ ЕСІ КЕТКЕН ӨМІРІН ҚОР ЕТЕДІ

ЕСІРТКІГЕ ЕСІ КЕТКЕН ӨМІРІН ҚОР ЕТЕДІ

Адамзатты тура жолдан тайдырып, өмірді тас-талқан ететін наша­қорлық – ғасыр дерті. Одан зардап шеккен тағдырлар қаншама?! Бұл кеселден әлі оң-солын танып үлгермеген жастарды, өскелең ұрпақты сақтауымыз керек.
Өткен апта соңында орталық алаңда Жалағаш аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар – есірткіге қарсы» атты жасөспірімдер акциясы өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, қазіргі таңда ауданымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты жүргізіліп, оған қатысушы жастар белсенділігі де артып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, ол өскелең ұрпақты адам болашағына балта шабатын, қоғамнан алыстатып өмір сүру дағдысын шектейтін, ең ақырында өлімге дейін апаратын нашақорлық дертінен сақтануға шақырды.
Мұнан соң, Қызылорда облысының білім басқармасы оқу орталығының «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі, Біріккен ұлттар ұйымы балалар қорының «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» жобасының координаторы, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахманова, «Дар учителя» халықаралық білім сайтының «Құрмет грамотасының» иегері Құралай Мамзадаева, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен республикалық «Тәуелсіз ел жастары» жыр мүшәйрасының І орын иегері Бағлан Есқара, дзюдодан спорт шебері, жастар арасындағы белбеу күресінен халықаралық турнирлердің 4 дүркін чемпионы Арайлым Қанзада, аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы, республикалық олимпиадалардың қатысушысы Алия Бекеновалар талайлардың тағдырын талқандап, шырмауына түсірген есірткінің алапат зиян әкелетінін айтып, жастарға жат қылықтардан аулақ болуды насихаттады.
Шынында, есірткіге еліктейтіндердің дені жастар мен жасөспірімдер. Себебі, есірткі саудасымен айналысатындар осы өскелең жастарды торуылдайды екен. Ал, нашақорлықтан емделу шын ниет еткенде ғана оң нәтиже бермек. Тек мұндай мүмкіндік дерттің алғашқы кезеңінде ғана болатынын ұмытпаған жөн.
Бұдан бөлек, орталық алаңға жиналған мектеп оқушылары патриоттық әндер шырқап, флешмоб ұйымдастырды. Содан соң, акция аясында ұйымдастырылған сурет көрмесінің жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Н.АЛМАС.
17 сәуір 2018 ж. 1 447 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930