» » Сағадиев мұғалімдердерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Сағадиев мұғалімдердерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Ерлан Сағадиев парламент мәжілісі отырысында тағы да мұғалімдер жалақысы туралы сөз қозғады. Министр 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап не себепті ұстаздар айлығына қосылатын ақша әкімдік бюджетінен төленіп жатқанын түсіндірді.

ÐÑлан СаÒадиевБұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Мұғалімдер толық айлық жалақысын алу үшін біз алдымен, бүгін мәжілісте талқыланған заңды қабылдауымыз қажет. Енді ол сенатқа жолданады. Заң күшіне енген соң, бюджеттік өзгерістер орын алады. Республикалық бюджет ұстаздардың жалақысына арналған қаражатты жергілікті бюджетке аударуға құқылы. Қазір оған негіз жоқ. Дегенмен, президент тапсырмасын орындай отырып, біз жергілікті атқарушы органдарды – яғни әкімдіктерді – өз қорларынан ақша бөле тұруды сұрадық, себебі оның орны өтелетінін білеміз», – деп түсіндірді Сағадиев.
Министрдің айтуынша, әкімдіктердің бюджеті оған мүмкіндік береді, сондықтан да олар қаңтар айынан бастап міндетті орындауға көшкен.
«Бірақ бірнеше әкімдік ақша аудару мәселесінде қиыншылыққа кезікті. Дегенмен бірінші қаңтардан бастап ақша алуға тиісті барлық ұстаздарға ол сомма төленеді», – деп уәде берді Сағадиев.

stan.kz
18 сәуір 2018 ж. 1 146 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930