АШЫҚ СОТ ӨТКІЗІЛДІ
Жалағаш аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығында мал ұрлығына қатысты ашық сот отырысы өткізілді. Аудандық соттың төрағасы судья А.Мизанбаевтың қатысуымен өткен сот процесіне ауыл ақсақалдары, жәбірленушілер, жергілікті басшылар, құқық қорғау органдары, сонымен қатар жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Тергеу нәтижесі бойынша бұл қылмыстық топтың 19 мал ұрлау фактісіне қатысы болғандығы дәлелденген. Бүгінгі таңда сотталушы төрт азаматтың біреуі жәбірленушілерге өзіне тиесілі малдың ақшасын қайтарып, кешірім сұрап, жәбірленушілер тарапынан кешірім алды. Сотқа 4 куәгер қатысты. 25 сәуірде қалған 3 куәгердің қатысуымен 3-сот отырысы өткізіледі
Пікір 2