» » Telegram тұтынушылары желіге кіре алмай жүр

Telegram тұтынушылары желіге кіре алмай жүр

Telegram ÑÒ±ÑÑнÑÑÑлаÑÑ Ð¶ÐµÐ»Ñге кÑÑе алмай жүÑДүние жүзінің бірнеше елінде Telegram мессенджерінің тұрақты қолданушылары желіге кіруге мүмкіндік ала алмай отыр. Қосылу операциясындағы кедергі жайлы таңғы сағат 5:00-ден бастап тұтынушылар тарапынан үздіксіз хабарламалар жолданып жатыр. Мессенджер АҚШ, Канада, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Испания, Иран, Сауд Арабиясы, Португалия аумағында істен шыққан. Павел Дуровтың идеясынан туған бұл ауқымы кең мессенджер әлем тұтынушыларының оң бағасын алды. Аз уақыттың ішінде насихатталып, қолданушылар саны бүгінде 200 миллионнан асып кеткен. Ақпарат алмасуда ең қауіпсіз желіге айналған Телеграм аз уақыттың ішінде бірнеше миллион тұтынушысынан айырылғалы тұр. Шекаралас Ресей Федерациясы 13 сәуірде Жоғарғы сот шешімімен Telegram-ды ел территориясында бұғаттау туралы үкім шығарды. 16 сәуірден бастап бұл іс жүзеге асып, ел ішінде Телеграм мессенджері мүлде қолданылмайтын болды. Жақын күнде ел билігінің талабы бойынша "App Store", "Google Play" дүкендеріндегі Телеграм қосымшалары толықтай жойылады.

19 сәуір 2018 ж. 856 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930