» » Абақтыда отырған Бишімбаев қытай мен араб тілдерін үйреніп жүр

Абақтыда отырған Бишімбаев қытай мен араб тілдерін үйреніп жүр

Абақтыда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев қытай мен араб тілдерін үйреніп жүр. Жұбайының бұл ісін Назым Бишімбаева да растаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жайында Facebook парақшасында жарияланды.
"Ол абақтыда жүріп, қос тіл үйренуде. Оны адамдар сынауы немесе айыптауы мүмкін. Бірақ ол өзінің заман талабына сай қасиетін байқата алады ма? Әлде оны жоғалтады ма? Әлде қасиетін еселей түседі ме?" - деп жазды аталмыш парақшада.
Жарының бұл әрекетін Назым Бишімбаева да Tengrinews.kzагенттігіне растаған.
"Ол менен көптеген кітаптарды сұрайды. Көп оқиды", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевты жемқорлық жасады деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда айыпталушы бұл шешіммен келіспей, істі қайта қарауға берген.
23 сәуір 2018 ж. 1 264 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 746

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930