Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионын көлік қағып кетті
Кеше Қостанайда 15 жасар мектеп оқушысы Владимир Беленикинді көлік қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпаратагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жәбірленушінің әкесі Александр Беленикиннің сөзінше, ұлы қазір дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, жәбірленуші Владимир Беленикиннің ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы деген атағы бар.
Жәбірленушінің әкесі Александр Беленикиннің сөзінше, ұлы қазір дәрігерлердің бақылауында.
"Таңертең 08:30 шамасында сабаққа бет алып, бағдаршамның «жасыл» белгісіне өтпек болғанда баламды көлік қақты. Мұнымен қоса көлік жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Тасжол үстінде жатқан Владимирді куәгерлер ауруханаға жеткізіп, ұлымның өтінішімен маған хабар берді", - деді Александр Беленкин.Сүйектері бірнеше жерден сынып, миы шайқалған баланың жағдайы бірқалыпты екен. Ол өзі соққан көліктің жасыл түсті екенінін ғана біледі.
Айта кетейік, жәбірленуші Владимир Беленикиннің ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы деген атағы бар.