» » Италия ұстаздары аштық жариялай бастады

Италия ұстаздары аштық жариялай бастады

Италияда орта педагогикалық білім алған ұстаздардың біліктілігі енді жарамсыз деп танылуына байланысты мұғалімдер аштық жариялап, білім министрлігі ғимаратының алдында түнемек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
арнасының мәліметіне қарағанда, кадрлық резервте тұрған 55 мың мұғалімге қатысты мұндай шешімді мемлекеттік кеңес мүшелері шығарған.
Жаңа ережеге сай оқу жылының соңына қарай 7 мың ұстаз жұмыстан босайды. Бұған дейін олар биліктің шешіміне қарсы бірнеше рет ереуіл өткізді. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмады. Енді амалы таусылып, министрлік алдына келген педагогтар «ведомства басшысы сөзімізге құлақ аспаса кетпейміз» деп бекініп отыр.
"Талабымыз орындалмаса, кері шегінбейміз. Әліміз келгенше күресеміз. Билік өкілдері алдымызға шығып, сұрақтарымызға жауап берсін" - дейді Элена Де Мео атты ұстаз.
"Билік басындағылар ақылға келіп, бұл шешімінен бас тартады деп ойлаймыз. Бір отбасыны асырап отырған ата-аналар бар. Аштық жариялау олардың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Билік біздің жан айқайымызға құлақ асса, ортақ мәмілеге келеміз деген үміттемін" - дейді Лучия Дель Джудиче есімді мұғалім.
Қазір ереуілге шыққандар саны екі мыңға жуықтады. Алдағы күндері олардың қатарына елдің түпкір-түпкірінен келген ұстаздар қосылмақ.


29 сәуір 2018 ж. 933 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930