ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың білім көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге тәрбиесі, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында білім мен ғылымға үлкен мән бергені мәлім. Осы тұрғыда №31 мектеп-гимназиясының оқушылары білім бәйгелерінде топ жарып келеді.
Өткен аптада республикалық ғылыми жоба байқауында физика пәні бойынша мектептің 10 сынып оқушысы Еркебұлан Жахат туған жерге жеңіспен оралды.
– Жастарға сапалы білім беріп, мол тәжірибемізді оқушылардың тәрбиесі мен біліміне арнаймыз. Мектепте 25 жылдан бері еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында көптеген шәкіртті шың биігіне шығардық. Ұстаз шәкіртімен мақтанады демекші, мен де бүгін оқушымның жетістігіне қуанып отырмын. Жалпы, оқушыларым физика пәнінен облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, мектеп абыройын асқақтатып келеді, – дейді ұстазы Ақалтын Камалова.
Білімділер сайысында топ жарған жерлесімізді мектеп ұстаздары, «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жастары мен БАҚ өкілдері күтіп алып, қуанышымен ортақтасты.

Н.АЛПЫСБАЙ.