БІЛІМ БӘЙГЕСІНЕН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ 2018 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қостанай облысында өткізілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытында №31 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сетраков Братислав Львович орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлдегерлер қатарынан көрініп, ІІ орынды иеленді. Жас өренге жетекшілік жасаған пән мұғалімі аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалиева Тоты Базарбайқызы. Братиславты жеңісімен құттықтай отырып, биік шыңдарды бағындыра беруіне біз де тілектестігімізді білдіреміз. Жаңалықтар 01 сәуір 2018 ж. 938 0