» » Дәрігерлер: Қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көп

Дәрігерлер: Қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көп

Дәрігерлер: Қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көпАҚШ-та Колумбия университетінің дәрігерлері қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көп деген тұжырым жасады.

Зерттеуге 1923-1948 жылдар арылығында дүниеге келген 5 мың адам қатысқан. Зерттеушілер динамометрдің көмегімен қатысушылардың қол қысу күшін тексеріпті. Мұнан кейін ғалымдар қатысушылардың отбасылық өмірі туралы мәліметтерді зерттеді.
Анықталғандай, қол қысқанда әлсіздік танытқан ер адамдар қолын қатты қысатындарға қарағанда сирек отбасын құрған.
«Біздің көрсеткіштерімізден байқалғандай, әйелдер өздерінің мықты әрі сау екенін көрсете білетін ер адамдарды таңдайды», – дейді зерттеу авторы, профессор Вегард Скирбекк.
Айта кетсек, бұған дейін Манчестер университетінің зерттеушілері қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдардың ақыл-ой, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетінін анықтаған еді.
29 сәуір 2018 ж. 1 423 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 643

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31