» » Қызылордада дәстүрлі веложарыс басталады

Қызылордада дәстүрлі веложарыс басталады


6 мамыр күні Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері мен әуесқойлар арасында веложарыс өтеді.

Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мекеме қызметкерлері мен әуесқойларды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу,велоспортқа қызығушылығын арттыру.
Таңғы сағат 9.00-де «Тағзым» алаңына қатысушылар жиналса, сағат 10.00-де веложарыс басталады. Сөре «Тағзым» алаңынан басталып, С.Толыбеков – Желтоқсан-  Ш.Есенов көшелері арқылы«Евразия» спорт кешенінде мәресіне жетеді. Сондай-ақ, жарыс соңында қатысушыларға арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады.
Ескерту: Веложарысты өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Баршаңызды веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз! Салауатты өмір салтын ұстануға өз үлесімізді қосайық!

http://www.syrboyi.kz
03 мамыр 2018 ж. 792 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 076

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031