Қазақстандағы ең бай 50 адамның есімі аталды
Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімін жасады. Олардың жалпы байлығы рекорд орнатып, 26 миллиард доллардан асып түсті.
Бұл туралы Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Тізімдегі алғашқы орынды «KAZ Minerals» тобының президенті және ірі акционері 57 жастағы Владимир Ким бастап тұр. Оның байлығы – $3 400 000 000.
Ал 2-нші орынға кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев жайғасты. Байлығы – $ 3 100 000 000.
Тізмідегі 3-інші орыннан ТИмур Құылбаевтың жұбайы, 50 жастағы Динара Құлыбаева көрінді. Ол күйеуімен бірге ««АЛМЭКС» холдинг тобы, «Кипрос» ЖШС және Steppe Capital Pte Ltd-ге басшылық етеді. Байлығы $ 3 100 000 000.
4-інші орында Қазақстан теннис Федерациясының президенті, ITF директорлар Кеңесінің мүшесі, кәсіпкер, қоғам қайраткері, елші Болат Өтемұратов тұр. Байлығы – $ 2 600 000 000.
Ал 5-інші орынға жайғасқан ERG тобының иелерінің бірі 64 жастағы Алиджан Ибрагимов. Байлығы – $ 2 300 000 000.
Сондай-ақ тізімдегі 6-ыншы орынға Рашит Сәрсенов ($ 735 000 000), 7-інші орынға Дәурен Жақсыбек ($700 000 000), 8-інші орынға Кеңес Рақышев ($691 000 000), 9-ыншы орынға Бақытбек Байсейітов ($571 000 000), 10-ыншы орынға Нұрлан Смағұлов ($450 000 000) жайғасты.