» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтқан болатын. Бұл мақала – қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру арқылы елімізді рухани жаңғыруға бастайтын маңызды құжат.

  Латын әліпбиі туралы алғаш сөз қозғалғаннан бері көптеген талқылаулар болса, сол талқылаулардың нүктесін Елбасымыз өзі қойып, ең соңғы латын әліпбиінің нұсқасын жарлықпен бекіткен болатын.
  Осыған орай, Шиелі ауданында ауқымды мерекелік-танымдық шара болып өтті. «Мазмұнды жолдау – әлемдік бетбұрыс бастауы» тақырыбында өткен шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып берді. «Қош келдің, Латын әліпбиі!» бөлімінде салтанатты түрде лентасын қиып, өзінің аты-жөні мен тілегін латын әріптерімен жазды.
Аталмыш шараның алғысөзінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Құрманаева Қазақстан Респуб¬ликасы Президенті 2017 жылғы 26 қазандағы 569-Жарлығына өзгеріс енгізіп, 2018 жылдың 19 ақпанындағы 637-Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі қолданысқа енгізілгенін айтты. Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиін Алаш қайраткерлері де жазу-сызуда қолданғандықтан, бұның бізге таңсық дүние еместігін және еліміздің мәртебесін күшейту жолындағы нақты қадам екенін айтты. Тіліміздің жаңа белесі, Елбасымыз айтқандай, күллі әлемдік қазақтарды біріктіретін фактор екенін, әрі бұл қадам бізді әлеммен тұтасуға, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен ғаламтор тілін жетік игеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай жасайтынын айтып өтті.
Мерекелік шара барысында мектептің өнерпаз жастарының қойылымы мен ән-билері шараның шырайын одан әрі аша түсті.                     




https://kyzylorda-news.kz
16 мамыр 2018 ж. 1 051 0