» » МИНИСТР ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАТЫР БАЛАҒА МЕДАЛЬ ТАҚТЫ

МИНИСТР ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАТЫР БАЛАҒА МЕДАЛЬ ТАҚТЫ


Астана қаласының Оқушылар сарайында төтенше оқиғалар кезінде ерлік жасаған батыр-балаларға құрмет көрсету рәсімі өтті. Қайсар балаларды  Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов марапаттады.
    Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас батырлардың арасында Сыр елінің тумасы, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бегманова  Жақсыгул апайдың немересі Сержан Абдрейім де бар.
    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы №51 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сержан Ерікұлы өткен жылдың желтоқсан айында сабақтан қайтып бара жатып «Құтқарыңыздар» деген дауысты естиді. Дауыс шыққан жерге тез жүгіріп жетіп, аязды күні мұзы жарылып, көлге түсіп кеткен жас шамасы 10-дардағы баланы көреді. Шығаруға талпынғанымен, кішкентай баланың суда тұрған киімі зіл тартып, әлі жетпейді.
    Осы кезде сол жерде өтіп бара жатқан 2 жігіт көмекке ұмтылып, үйлерінен арқан алып келеді. Ол да мүмкін болмағандықтан, Сержан сыртқы киімін шешіп, өзі мұздай суға түсіп, Мұхамедті көтеріп алып шығады. Баланы үйіне жеткізіп, үстіне көрпе орап, әбден тоңып қалған балаға барынша көмек беруге жағдай жасайды. Сержанның осы әрекетінің арқасында бала аман қалады.
    Отбасында берілген тәрбие мен мектеп мұғалімдерінің еңбегінің арқасында жас та болса қайсар Сержанның кішкентай бүлдіршіннің өмірін сақтап қалуы бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнеге.

    Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі


17 мамыр 2018 ж. 5 277 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930