азия чемпионатына жолдама алды
Жуырда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында қазақ күресінен 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өткен еді. Осы чемпионатқа Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің №14 Жалағаш ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Руслан Теміржан Қызылорда облысының құрамасы сапында өнер көрсетіп, 46 кг салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алды. Сөйтіп, 46 кг салмақта бас жүлдемен бірге, Моңғолия мемлекетінде өтетін Азия чемпионатына жолдаманы иемденді. Жеңіс оңай келген жоқ. 6 белдесу өткізіп, барлық белдесуді мерзімінен бұрын аяқтап, таза жеңіске жетіп отырды. Мұндай дүбірлі жарыстан жеңіске жетуі үшін аянбай еңбек етті. Бірнеше оқу-жаттығу жиынынан өтті. 4 жылдың көлемінде қасында жүрген бапкері Әнуарбек Тажмахановтың еңбегі өте зор. Бұл оқушы Т.Жүргенов атындағы №117 Ә.Оңалбаев атындағы орта мектепте 9-сыныпта оқиды. Бұған дейін де «Жас барыс» республикалық турнирінің 2 дүркін чемпионы атанды. Сөз арасында айтайын дегенім Ә.Оңалбаев атындағы №117 орта мектеп директоры Райса апайға, оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, психолог, сынып жетекшілеріне қолдау көрсеткендері үшін рахметім шексіз. Алдағы уақытта Руслан Теміржанға Азия чемпионатынан жеңіспен оралуына, барлығымыз қолдау көрсетейік дегім келеді.
Б.ӘУЕСБАЕВ,
№14 Жалағаш ауданының БЖСМ директоры.