» » Шаш күтімі: түнгі маскалар

Шаш күтімі: түнгі маскалар


Қазір көп нәрсеге уақыт жетіспей жатады, соның ішінде үйден өзімізге қарапайым күтім жасауға да уақыт жоқ. Шашқа қажетті қамқор болмағандықтан, ол оның саулығына өз әсерін береді. Олар құрғақ, сынғыш әрі күңгірт бола түседі. Мұның алдын алу және уақыт үнемдеу үшін ұйықтар алдында жасалатын маскаларды ұсынамыз.


Түнгі маскалар – үйде шашқа күтім жасаудың ең тиімді әдістерінің бірі. Адам ұйқысының орташа ұзақтығы 5-8 сағат болғандықтан, бұл уақыт аралығында маска құрамындағы пайдалы заттар шаш құрылымына терең сіңіріліп, іштен қалпына келтіре алады. Шашқа түнгі күтімді жасаудың ережелері: - Маска құрғақ шашқа жағылады; - Ұйықтау кезінде маска ағып, төсекті бүлдіруі мүмкін. Сондықтан, жастықтың үстіне сүлгі жайып жатқан жөн; - Жылу эффектісін сақтап тұру үшін және төсекті бүлдірмеу үшін маска жағылған шашты буып, сыртынан душқа арналған бас киім киіп алу керек; - Таңертең масканы асықпай жуу үшін ертерек тұрған жөн; - Базалық өсімдік майларын қолданар алдында қайнатпай, буға жылытып алу керек.

Майлы қаптау

Өсімдік майларының құрамында көптеген пайдалы дәрумендер (А, Е және С) және шашты қоректендіретін, ылғалдандыратын және қалпына келтіретін микроэлементтер бар. Олар түні бойы өзіне жағылған барлық затты жақсылап сіңіріп, ауырлай түседі. Құрғақ әрі зақымдалған шашқа арналған майлар: Ши, бабасу, арган, асқабақ; Ұшталған шашқа арналған майлар: бадам, шабдалы, кокос және жүзім дәнегі майы; Бекітуге арналған майлар: ошаған, майсана, бүрген, зәйтүн; Шаштың түсуіне арналған майлар: қырмызыгүл, шайқұрай, балқарағай; Қайызғаққа қарсы майлар: ошаған, майсана.

Желатин маскасы

Бұл маска шашты жұмсақ әрі жылтыр етеді. Оны дайындау үшін 2 ас қасық желатинді 1:3 қатынаста қайнаған сумен араластырады. Қоспа аздап суыған соң, оған 1-2 ас қасық базалық май құйыңыз. Одан соң 1 шай қасық А және Е дәруменін, 10 тамшы эфир майын (лимон, апельсин, райхан) құйыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, дайын масканы шаш түбінен 2-3 см қалдырып, жағып шығу керек. Басыңызды полиэтиленді үлбірмен орап, жылы бас киім киіп алыңыз. Таңертең масканы жылы сумен жуып аласыз.

Әмбебап маска

Оның негізіне кез келген өте майлы емес бальзам алады. 4-5 ас қасық бальзамға 1 жұмыртқаның сарысын, 2 шай қасық бал және 3-4 тамшы эфир майын құйып, барлығын араластырады. Бұл масканы шаштың барлық ұзындығына жағасыз. Душқа арналған бас киім киіп алып, түнге қалдырасыз. Таңертең сусабынмен жуып аласыз.

Massaget.kz
17 мамыр 2018 ж. 1 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930