Шашты жылдам өсіру үшін... Шаш бір сәтте ұзын болып кетпейді, бұл процесс біраз уақытты алады. Шаштың өсуі әдеттегіден жылдамырақ болуы үшін бірнеше күтім кеңестерін ұсынамыз. - Шашты өсіруде басты досыңыз – қайшы. Шаш өсуі үшін оны мүлдем қимау керек деп ойлайтындар қателеседі. Уақытылы шаш қию оның ұштануынан сақтап, жылдам өсуіне көмектеседі. - Шаш жуған сайын кондиционер қолдануды ұмытпаңыз. Бояу және шаш үлгісін жасайтын ыстық құралдар шашқа зиянын келтіреді. Мысалы, шаштың төменгі жағы жұқарып кетеді. Кондиционер шаш құрылымындағы ақуыздар мен липидтерді толықтырады. Кондиционерді салқындау сумен шайған жөн. Сол кезде шаштың сыртқы қабаты тегістеліп, ылғал жоғалуының алдын алады. - Сусабынды мөлшерден тыс қолданбаңыз. Сусабынның мақсаты – шаштағы ластықты кетіру, алайда оны жиі немесе көп мөлшерде қолдансаңыз, шашқа қажетті табиғи майларды да жуып тастайды. - Әр апта сайын бұрымға май немесе маска жағыңыз. - Шашты бекітетін және өсуіне көмектесетін дәрумендер мен биологиялық белсенді қосымшалар ішу туралы ойланыңыз. Ағза ақуыздан бастап минералдарға дейінгі маңызды заттарды қажет етеді. Тамақтануыңызға мән беріңіз. Ағзаңыз қоректі заттарды қажетті мөлшерде алып жатыр ма? Оның жаңа шаштардың шығуына тікелей байланысы бар екенін ескеріңіз. - Шашыңызды ұқыпты тараңыз. Әрдайым әрі жұлып қатты тарау шашқа физикалық зиянын тигізеді. Ылғал бұрымыңызды тарау кезінде төменнен бастап, ақырын жоғарыға көшіңіз. - Жастық тысына мән беріңіз. Оның жібек, сәтен-жібек матадан болғаны дұрыс. Ал мақта тыс үйкеліс тудырып, шашты шатастырады. - Шашты сүлгімен қатты уқалап сүртуге болмайды. Сонымен қатар, өте ауыр сүлгіге шашты орап, көтеріп жүруге болмайды. Олай жиі істесеңіз, шаш сынғыш болып кетеді. Сондықтан жұқа әрі жұмсақ сүлгі таңдаңыз. Massaget.kz Қоғам 28 қаңтар 2018 ж. 2 974 0