Асқабақ қартаюдың алдын алады
• Асқабақтың құрамында темір өте көп. Сонымен қатар калий, кальций, магний, қант, ақуыздар да жеткілікті және В, С, Д, Е, РР мен сирек кездесетін Т дәрумені бар. Ал құрамындағы А дәрумені жараны жазуға, күйік шалған жерді кетіруге көмектеседі. Ол үшін асқабақты үккіштен өткізіп, зақымданған жерге 2-3 сағат компресс жасап, түнгі уақытта байлап қою керек.
• Асқабақ жүрек, бүйрек ауруларына және іш қату кезінде, өттің қабынуында жақсы ем болады. Сол себепті дәрігерлер де асқабақтан жасалған тағамдарды көбірек жеуге кеңес береді.
• Асқабақтың құрамындағы Е дәрумені ерте қартаюдың алдын алады. Ол бетке әжім түсірмей, бетке шығатын дақтардың алдын алады. Сонымен қатар Е дәрумені бел мен иықтың ауруын жеңілдетеді және салқын тиюден сақтап, иммунитетті көтереді әрі адам ағзасын түрлі бактериялардан қорғайды.
• Сирек кездесетін Т дәруменінің арқасында асқабақ семіздіктен сақтайды. Оны сиыр етімен қосып дайындаса, керемет тағам болып шығады. Ал асқабақты көп жейтін адамдардың бет-жүзі әрленіп, көңіл-күйі көтеріңкі жүреді.
• Асқабақта кездесетін мада талшықтар іш қатуды болдырмай, қатерлі ісік ауруына шалдықпауға көмектеседі. Ал С және В дәрумендері адам денесіне жиналып қалған тұздарды шығарып, қан қысымын реттейтін қасиетке ие.
Massaget.kz
Massaget.kz