ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ҚАУІПТІ ЕКЕНІН БІЛЕ ЖҮР! Медицинада қант диабетi атауымен белгілі сусамыр ауруы бүгінде жалпақ жұртты бей-жай қалдырмауда. Дәрігерлер де салауатты өмір салтын сақтау керектігін, артық салмақтан арылу жайын айтып дабыл қағуда. Осы орайда біз дер кезінде емделмесе, асқынып кететін дерт туралы сөз қозғауды жөн көрдік.Сусамырмен көбіне 40-50 жастан асқандар ауырады. Алайда, соңғы кезде балалар да осы қатерлі ауруға жиі шалдығып жүр. Бұл дерт жыл сайын асқынып келеді. Жоғарыда айтып өткендей, аурудың бастапқы белгілері білінбейді. Соңғы бірнеше жылдан бері «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың денсаулығын жақсарту жолында қызмет ете бастады. Аталған бағдарлама аясында қатерлi iсiк, жүрек-қан-тамырлары ауруларымен қатар қант диабетін де дер кезінде анықтауға мүмкіндік туды. Дәрігерлердің пайымдауынша, уақытылы емдеу шарасы ұзақ өмір сүруге кепілдік береді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны әлемде 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10 пайызды құрайды. Оның кең таралуы әлеуметтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді. Көпшілікті жаппай жоспарлы медициналық тексеруден өткізу, ауыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, арнайы тамақ түрлерін шығару және санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.Науқастарды емдеуде негізгі ем – диетатерапия және тиісті режимді сақтау қажет. Ал, балалардың тамағы құнды болып, майсыз, оңай қорытылатын, қанты аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер мол болса да ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды.Бүгінде елімізде қант диабетімен ауыратындарға арнайы тағамдар шығарылуда.А.ЕГІЗБАЕВА,ЗК-169/1 мекемесі медицина бөлімінің аяжаны,әділет старшинасы. Қоғам 02 қаңтар 2018 ж. 1 313 0