» » ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН

ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН


Халықаралық отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен!» атты ұранмен аудандық «Наркескен» спорт клубында салааралық бағытта отбасылық сайыс өтті.
Спорттық жарысқа 3 отбасы қатысты. Сайысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Ержанов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірге, аудандық жастар денсаулығы құрылымдық бөлімшесінің дәрігері А.Бектаева салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы бірлігін нығайту бағытында ұйымдастырылған бұл сайыстың басты ерекшелігін айтып өтті.
Тартысты өткен бәсекеде барлық отбасы да үздік өнер көрсетті. Спорттық ойындардың бірнеше түрінен сынға түсіп, берілген тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысты. Десе де сайыс қорытындысы бойынша ұпай санымен алға шыққан Жақанбаевтар отбасы алғашқы орынды еншіледі. Ал келесі орынды Алмағанбетовтер жеңіп алса, жүлделі ІІІ орын Сераливтер отбасына бұйырды.
Шара соңында сайыс жеңмпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).

22 мамыр 2018 ж. 1 851 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930