Табысыңызды көбейтудің 6 жолы

Ақылды адам ақшаны жүректе емес, басында ұстайды. Көпшілігіміздің қатеміз ақшаны қалай көбейтуді емес, қалай жеткізуді ойлатынымыз. Сіз өз кірісіңізді өсіру үшін нендей қадам жасап жүрсіз?
Бай адамдар сізге төмендегідей 6 жолды ұсынады.
- Бірінші кезекте ортаны өзгертіңіз! Өзіңізден табысы көп адамдармен жиірек араласыңыз, сонда қаласаңыз да, қаламасаңыз да солардың табысындай ақша таба бастайсыз.
- Кітапты көп оқу. Жаман кітап жазылмайды. Сондықтан өзіңіз қалаған кез келген кітапты оқып, ой түйіңіз.
- Жетістікке жеткен адамдардың жазбаларын оқу. Әсіресе күнделігін оқу сіздің болашағыңыз үшін пайдалы болмақ.
- Көп саяхаттау. Шамаңыз келсе, бұрын болмаған аймақтарға барып демалған дұрыс. Ол нетворкинг үшін өте жақсы мүмкіндік.
- Ментор табу. Табысты адамдарды өзіңізге ұстаз етіп алыңыз, оның тәжірибесі сізге сабақ болады.
- Тренингтерге қатысу. Бірақ оларды саралай біліңіз. Пайдалы семинар-тренингтер сіздің өміріңізді өзгертуі әбден мүмкін.
Фото ашық дереккөздерден алынды.
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ
Пікір 15