» » Зұлмат жылдар жаңғырығы

Зұлмат жылдар жаңғырығы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді...» деп зор күйзеліспен атап өткен болатын.31 мамыр күні аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы мен аудандық музейдің бірлесіп ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Халқының азаттығын аңсаған арыстар» атты реквием-сағат өтті.
Жиын барысында көпшілік үлкен экраннан көрсетілген «Зауал» деректі фильмін тамашалады. Мұнан соң, еңбек ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» Ж.Адамбаев сөз сөйледі. «ХХ ғасырда жер бетінде қазақ ұлтындай зор қасірет шеккен халық болған жоқ. Сол нәубет жылдарында он қазақтың жетеуі аштан өлсе, үшеуі өлмелі күйге түсті. Сонымен қатар, 1931 жылдан бастап Қазақстан жері КСРО-ғы алып концлагерь ГУЛАГ-тың филиалына айналды. Мұнда 20-дан астам лагерь орналастырылды. Бір ғана КарЛАГ 110 мың гектар жерді алып жатты. Сол лагерлерде миллиондаған адам отырды. Біз кеңестік тоталитарлық жүйе жалмаған миллиондаған боздақтардың рухына тағзым етіп, қазақ халқының басына түскен нәубет жылдарды мәңгі ұмытпай, жадымызда сақтауымыз керек», – деген ардагер кеңес дәуірінің солақай саясатының кесірінен жазықсыз жазаланған азаматтарды, қайраткерлерді еске алды. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Б.Ермаханұлы, Т.Хамзаев, М.Шарипов, С.Ханзадаев, Е.Ержановтар сол бір зұлмат жылдар жайлы өздерінің естеліктерімен бөлісіп, бабалар рухына құран бағыштады.
Қасірет атаулының атасы бір. Миллиондаған қазақты жалмаған сол жылдардағы ашаршылық өрті мен қуғын-сүргін жалыны мәңгі ел жадында. Сол жылдардағы қанды оқиға ұлт тарихында өзінің ұмытылмас қайғы мен қасірет ізін қалдырған кезең. Зұлмат жылдар құрбандарының есімдері мен ерліктері өскелең ұрпақ жадында мәңгі жаңғырады.
Қ.ЖАНАСБАЕВА,
музей қызметкері.

02 маусым 2018 ж. 1 563 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930