ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ
1936-1938 жылдары кеңестік биліктің тапсырмасымен азаматтарды «ұлтшыл» деген айыппен тұтқындау басталды. Олар тұтқындалған соң әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз елден жер аударылды. Бейбіт те берекелі тұрмысты мақсат тұтқан қазақ халқы сол жылдары небір зобалаңды бастан кешті.
Ел Президентінің 1997 жылғы Жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Сол кезеңдегі қарапайым халық қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Қаншама мыңдаған қаны қазақ азаматтар жазаланды. Бұл – тарихта қара сиямен жазылған, халық есінде мәңгі сақталатын қанды оқиға. Бейсенбі күні жалағаштықтар тағзым ету алаңына барып гүл шоқтарын қойды, қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Бір минут үнсіздіктен соң аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жазықсыз атылған, қамалған қайраткерлердің есімі ел жадында мәңгі жаңғыратынын жеткізді.
–Бүгінгі күн – ел тарихында елеулі орын алатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елінің келешегі үшін күресіп, жазықсыз жазаланған миллиондаған адамдардың ерлігі келер ұрпақ біздерге үлгі. Қазақ халқы басынан небір зобалаң жылдарды өткеріп, мың өліп, мың тіріліп тағдыр тәлкегіне де ұшыраған кездер болған. Сондай қиын кезде елі үшін жан беретін ұлдары тарих сахнасына шығатыны белгілі. Жиырмасыншы ғасыр көптеген ұлттар үшін қанды ғасыр болғаны бәрімізге белгілі. Талайдың өмірін жалмаған соғыстар, саяси қуғын-сүргін осының айғағы. Тарихқа «сталиндік репрессия» деген атпен енген саяси қуғын-сүргін сол кездегі алып империя кеңестер одағындағы көптеген ұлттармен қоса қазақ халқына да орны толмас қасірет пен қайғы алып келді. Сол жылдары халқымыздың сүт бетіне шығар қаймақтарын, Алаш туының астына біріккен арыстарын сыпырып алып кетті.
Сонымен қатар, қуғын-сүргіннің құрбаны болған Жалағаштан шыққан жерлестеріміздің, аға ұрпақ өкілдерінің есімдері тарих бетінде алтын әріптермен жазылып қалатыны анық. Қазақ елінде өткен қасіреттің бәрі де біздің ауданнан айналып өткен жоқ. Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпақ үшін жанын қиды. Біз аға буын алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың ерлік жолын кейінгі ұрпақтары мақтанышпен айтатын болады. Біз ақылға сыйымсыз саясаттың салдарынан жазаланған ата-бабаларымыздың есімін есте сақтауымыз керек, – деді өңір басшысы.
Сонымен бірге, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, ардагер Оспан Тәуекеловтер сөз сөйлеп, бабалар рухына әрдайым тағзым етуге тиістігімізді атап өтті.
Расында, саяси қуғын-сүргін құрбандарының артында қан жұтып ұрпақтары қалды. Әкелері аңсаған бүгінгі азат күннің бесігін тербетіп отыр. Әйтсе де, зар заманның зұлмат зұлымдығы ұрпақ жүрегінде тарихтың таңбасындай сақтаулы. Өткенді ұмытуға әсте болмайды.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ,
М.АХМЕТОВ (сурет).