» » Менингококк инфекциясы: Баян Мақсатқызы бейқамдық танытып отырған Біртановты сынға алды

Менингококк инфекциясы: Баян Мақсатқызы бейқамдық танытып отырған Біртановты сынға алды


Баян Алагөзова елімізде менингококк инфекциясының өршіп тұрғанына қатысты пікір білдірді. Ол эпидемия кезінде халыққа қымбат бағада екпе ұсынып отырғандарды сынға алды. Сондай-ақ, карантин жарияламаған министр Біртановқа деген ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Министр Біртанов жалпылама екпе салынбайды деді. Елдегі ауруға шалдыққандар саны соншалықты көп емес екенін айтты. Алайда бұл аралықта 12 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды тыныштандыру үшін тағы қанша адам өмірімен қош айтысуы керек? Қайда бару керек екенін, қалай қорғану керек, не істеу керектігін білу үшін қанша адам қыршынынан қиылу керек?” – деп ашынды Баян Мақсатқызы.
Танымал продюсер өзінің және балаларының өмірі үшін қатты алаңдап жүргенін жасырмады.
“Мен балаларымның жағдайын білу үшін оларға күніне бірнеше реттен хабарласудамын. Үйден шықпаңдар деп бұйырып айтып жатырмын. Өзім қатты қорқып қалдым, кеше қолымда бөртпе пайда болды, қобалжып, аллергияға қарсы дәрі іштім, әйтеуір кетті. 12 адам өлді, ал жауапты мекемелердің барлығы жайбарақат отыр. Ал медицина қызметкерлері науқастарды бір-біріне жөнелтіп, уақыт жоғалтуда. Ақырында дәрігерге кеш жүгінгені үшін ауруға шалдыққандардың өздері кінәлі болып қалып жатыр. Бұған кім жауапты? Қалай сабырлық танытуға болады? Екпе неге қымбат тұрады? Ал 12 адамның өлімі арзан ба сонда? Әлде халықтың өміріне расында да қауіп төніп тұрғанын түсіну үшін тағы күтуіміз керек пе?” – деп түйіндеді сөзін ол.
Бұл аралықта продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек желідегі оқырмандарына менингиттен қорғану жолдарын ұсынды.

Ðенингококк инÑекÑиÑÑÑ: ÐаÑн ÐаÒÑаÑÒÑÐ·Ñ Ð±ÐµÐ¹ÒамдÑÒ ÑанÑÑÑп оÑÑÑÒан ÐÑÑÑановÑÑ ÑÑнÒа алдÑ

“Мынаны өздеріңізге сақтап алып, кішкентай белгі болған кездің өзінде дәрігерге барыңыздар. Мен бүгін солай жасадым. Өтінемін, өздеріңізді және жақындарыңызды күтіңіздер. Адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар, өздеріңізді күтіңіздер. Жақындарынан айырылған жандарға шын жүректен көңіл айтамын. Бүкіл ел сіздермен бірге алаңдап отыр. Бұл індет тоқтайды деп үміттенемін”, – деді ол.



http://stan.kz
05 маусым 2018 ж. 805 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930