» » АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫ


Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мен білім экономикасын қалыптастыруда болып жатқан жаһандық өзгерістер жеке тұлғаға да, және жеке этномәдени қауымдастыққа да жоғары талаптар қойып отыр.
   Бір ғажабы, осы ауқымды қатарда басты орында тұрған талап – ағылшын тілін білу. Мұның себебі де бар: көз алдымызда бүгінгі әлемді сан түрлендіріп отырған әлеуетті технологиялық жаңғырту үдерісінің басты қайнар көзі, драйвері – ағылшын тілі туған тілі немесе қолданыстағы екінші негізгі тілі саналатын мемлекеттер болып табылады.
   Сондықтан, әлемде орын алып жатқан жаһандық үдерістердің әсерінен еңбек, тауар және қызметтердің ұлттық нарығы ашыла түскен заманауи жағдайда, ағылшын тілін білу тек білімділіктің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар тұлғаның да, тұтас қоғамның да табысты дамуының маңызды факторы болып отыр.
  Бұл да түсінікті: бүгінде адамзаттың бүкіл ғылыми-техникалық саладағы қызметінің авангарды болып табылатын ағылшын тілді ортамен тікелей байланысты орнату арқылы ғана, жеке тұлға мен қоғам жаһанданудың заманауи үдерістерінің «трендінде» бола алады. Бұл ғылыми-техникалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік салаға да байланысты. Кешенді технологиялық және гуманитарлық білім қоғамдық прогресстің басты факторы болып келеді, және ол қоғамның дамуындағы ең жоғары деңгейге жетелейді.
Халықтың барлық топтарының қызығушылықтары ескерілген қоғамда (дамыған мемлекеттердегі азаматтық қоғамдағы секілді), жоғары бәсекелестік экономикалық орта қалыптасатыны жөнінде кез-келген заманауи адам хабардар. Ондай ортаның таралу шегі ұлттық нарықтан да жоғары. Аталмыш жағдайларда жаңа білімді, технологияларды, тауарлар мен қызметтерді пайдалнудың маңызы зор. Соның ішінде, бұл біздің еліміз үшін де дұрыс, бүгінде Қазақстанның шикізаттық экономикадан жоғары технологиялық өнім өндіретін экономикаға көшуі әлдеқайда маңыздырақ.
   Мәселені шешуге кірісерде, жаңа технологиялық өнімдерді өндіруде ешбір ұлттық экономика елеулі жетістікке жалғыз өзі жете алмайтынын түсінгеніміз жөн. Бұған ұмтылудың да қажеті жоқ. Тіпті аса дамыған мемлекеттердің өзі, кооперативтік байланыссыз жоғары технологиялық өнім өндіре алмайды. Және біз де, дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне қарап, дамыған әлеммен кең байланыс орнатып, мемлекетімізге шетелдік жоғары технологиялық өндірушілерді тартуымыз керек. Бұл мақсатта, Қазақстан адами капиталын алдыңғы қатарлы қоғамдардың деңгейіне дейін дамытуы қажет. Сонда ғана Қазақстан дамыған мемлекеттер қаатрынан өз орнын таба алады.
   Білім беру жүйесіне ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізу келесі оқу жылынан бастап қолға алынады. Бұл адами капиталды қалыптастыруға, ал соның нәтижесінде Қазақстанның дамыған әлеммен экономикалық өзара әрекеттестік орнатуына жетелейтін алғашқы қадам болмақ. Еңбегінің жемісін көру үшін, Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени жаһанданудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асыру барысында, білім беруді ынталандыруды күшейтуі керек. Біздің қоғамымыздың адами капиталының басты «ресурстік базасы» дәл осы білім беру жүйесінде туындап, осында дамитынын ескерген жөн. Жаңа білім сапасы, оның ішінде ағылшын тілі, қазақстандық «білім экономикасының» ең маңызды қозғаушы күші болуы тиіс.


https://kyzylorda-news.kz
06 маусым 2018 ж. 1 089 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031