» » Шымкенттің миллионыншы тұрғынына пәтер сыйлады

Шымкенттің миллионыншы тұрғынына пәтер сыйлады


Жансейіт Түймебаев пен Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев қаланың 1 миллионыншы тұрғынына 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қаланың  миллионыншы тұрғыны жас ерлі зайыпты Самат Еламанов пен Айжан Ахайбекованың отбасында өмірге келді. Қыз бала олардың тұңғыш перзенті. Айсұлу есімді сәби 17 мамыр күні өірге келді. Жас отбасыға 9 қабатты үйдің 6-қабатынан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Жас отбасы обыс басшылығына алғысын айтты.



«Бұрын миллион тұрғыны бар Алматы ғана болса, қазір миллион тұрғыны бар екі қала қосылды: Астана мен Шымкент. Астана өткен жылдары миллиондық қала атанса, Шымкент биыл миллион халқы бар қалаға айналып отыр. Елбасы бүкіл дүние жүзінің қайраткерлері қатысқан экономикалық форумда Шымкент қаласын миллионер қала деп жариялады. Ал шымкенттіктер республикалық статус иелену бастамасын өте қызу қарқынмен қолдады.



2017 жылдың қорытындысына сәйкес облыс орталығының тұрғындары 39 мың адамға өсті. Мұның 18 мыңы ішкі көші-қон есебінен жүзеге асқан. Ал қаланың миллионыншы тұрғыны мамыр айында дүниеге келген болатын. Ол – өздеріңіз көріп отырған Айсұлу Еламанова, жас отбасының бірінші перзенті. Шымкенттіктердің атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәрестенің дені сау, еліне елеулі, халқына қалаулы қыз болып өсіп, елдің нағыз патриот азаматшасы болсын!» – деді облыс әкімі.



Айта кетейік, кішкентай Айсұлудың  әкесі Самат Еламанов 23 жаста. Ол  Шымкент қаласының жүйке аурулар ауруханасында жұмыс істейді. Ал, анасы  Айжан Ахайбекова 22 жаста. Жас келіншек қаладағы банктердің бірінде  менеджер болып қызмет атқарады.


http://stan.kz
06 маусым 2018 ж. 1 029 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30