«ШӘКИЗАТТЫҢ» шаруасы ширақ
Еліміз егемендігін алған тоқсаныншы жылдардан кейінгі өтпелі кезеңде кейбір азаматтар тығырықтан шығар жол тауып, кәсібін жүргізіп жатты. Солардың қатарындағы Мәдениет ауылының тұрғыны Смағұл Бейсенбаев 1992 жылы ауыл орталығынан азық-түлік дүкенін ашып, жұмысын бастады. Жұбайы Ләззат екеуі халықтың сұранысына сай қалтқысыз қызмет көрсетті. Кез келген жұмыстың көзін білетін іскер азамат мұнымен шектеліп қалмай кәсібінің аясын кеңейтті.
Ауылдағы құрылымдар негізінен күріш егумен айналысады. Күзгі жиын-терім аяқталған соң олар қара күріштерін ақтату үшін диірмен іздеп аудан орталығына шапқылайды. Мұны көріп жүрген кәсіпкер ауылдан күріш ақтайтын цех ашты. Қытайдан алынған шағын аппарат тәулігіне 5-7 тонна ақ күріш ақтап шығарады. Шаруашылықтардан келетін күріш көп, тоқсаныншы жылдардың басында ауылдағы жалғыз күріш ақтау цехы күні-түні жұмыс істеді. Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда. Әрекет болмай, берекет жоқ. Іскер азамат құрылыс материалдарын жинастырып, ұзындығы 40, ені 15 метр астық сақтайтын қойма құрылысын да дер кезінде салып алды.
«Ер дәулеті – еңбек, еңбек етсең емерсің, ырысты еңбек етіп жерден сұра, жерге төккен ыстық терден сұра» деген жерге, төгілген терге қатысты тауып айтылған даналық сөздер көп. Егіннің жайын еккен білер, туған ауылында күріш егу технологиясын көріп өскен Смағұл 2014 жылы «Шәкизат» фермерлік шаруа қожалығын құрып, 200 гектар жерге күріш егу жұмысын қолға алды. Әрине, көктемде тұқым сеуіп, күзде оны орып жинап алу жұмыстары техника күшімен атқарылады. Сондықтан қаржы көзін қарастырып, ауыл шаруашылығы техникаларын алуға күш салды. Қожалық бойынша агротехникалық талаптар орындалып, 200 гектар күріштің әр гектарынан 50-70 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті. Жыл сайын ер ырысы – Сыр күрішінен табыс көзінен түскен қаржыға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып отырды. Қазір қожалықта өз қаржысына сатып алынған 1 «К-700», 1 «Т-150», 1 жатка, 1 комбайн, 1 тіркемелі белорусь, 1 тиегіш техника, 1 «Зил-130», 1 Камаз техникалары қожалық жұмыстарында жүр. Кәсіпкердің алдағы жұмыс жоспары да ауқымды. Яғни, көлік жуатын орын, ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сататын дүкен және техника жөндейтін шеберхана салуды жоспарлап отыр.
Бұл күндері «Шәкизат» фермерлік қожалығы бойынша 200 гектар жерге күріш егіліп, суға бастырылды. Тәжірибелі дихандар Бауыржан Иенбаев – 55 гектар, Сырбай Раев – 60 гектар, Мэлс Қойшыбаев – 85 гектар күріш алқабына күтіп баптау жұмыстарына кірісіп кетті.

Серік БЕРТАЕВ.
Пікір 2