» » Кәсіпкер келіншек

Кәсіпкер келіншек

Кез келген қоғамда кәсіптің түрі күнкөріс пен тіршіліктің көзі болып табылады. «Кәсіп түбі – нәсіп» деген нақыл сөздің сыры осында болса керек. Оның түрі төрт түлік мал бағып, егін егумен шектелмейді. Тек ерінбей ізденіп, көзін тапсаң болғаны. Істеу қиын, сынау оңай. Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды. Қалай болғанда да еңбектің наны тәтті. Заман талабына орай жеке кәсібін ашып, ер азаматтармен бірдей еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер де аз емес. Солардың қатарындағы кәсіпкер Гүләйім Ишанбекованың қызметіне тұрғындар дән риза.
1995 жылы Гүләйім аудан орталығындағы №246 орта мектепті үздік бағамен бітіргенде еліміз егемендік алған өтпелі қиын кезең еді. Қаржының тапшылығынан көптеген мекемелер жабылып та қалды. Жұмыссыз қалған жастар да, тепсе темір үзетін ер азаматтар да күнкөріс қамымен базар жағалап кетті. Мектеп бітірген түлектер арман қуып, оқу іздеп әр қалаға аттанып жатты. Қол қусырып қарап отыруға болмайтынын түсінген Гүләйім жұмыстың өзін білгенше, кәсіптің көзін табуға талпынды. Жолдасы Мырзабек екеуі бірлесіп, кәсіпке бет бұрды. Әрине, әулеттің келініне кәсіп пен отбасын қатар алып жүру оңай тимесі анық.
Жалпы Гүләйім жас кезінен жаңалыққа жаны құмар, техникаға бейім болатын. Мектеп бітіргенде сатып алған фотоаппараты кәдесіне жарады. Сол құралымен мей­рам­ханаларға барып мерейтой ие­лерін суретке түсірді, кәсібін бас­тады. Күні-түні уақытпен санаспай сұра­ныспен жұмыс жасады. Осының ар­қасында тиыннан теңге құралып, азын аулақ қаржы жиналды. Көп ұзамай компьютер сатып алды. 2010 жылы автовокзалға қарама-қарсы орналасқан ғимаратты жалға алып, «Мөлдір» атты дүкенін ашты. Мұнда негізінен кеңсе заттары, оқулықтар мен оқу құралдары, қағаз түрлері мен басқа да құрал-жабдықтар сатылады. Бұдан бұрын аудан тұрғындары мектепке қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын іздеп облыс орталығына шапқылайтын еді. Сөйтіп олар жол шығынын жұмсап, біраз уақыттан ұтылатын. Ал аталған дүкен ашылғалы жергілікті тұрғындар сыртқа да көп жол жүрмей, қалаған тауарына қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкер халықтан сұраныс қабылдап, қажетті заттарын да әкеліп қызмет көрсетуде.
– Жазда мектеп оқушылары демалысқа шы­ғады. Көп сұраныс болмайды. Сондықтан қа­зір күннен қорғайтын қара көзілдірік пен жаз­дық киім-кешек түрлерін әкеліп сатамын,– дей­ді Гүләйім.

Серік БЕРТАЕВ,
Маханбет АХМЕТОВ(сурет).
15 мамыр 2018 ж. 1 276 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930