» » «Тәттінің» наны тәтті

«Тәттінің» наны тәтті

Табысты кәсіптің бірі – наубайхана. Кент орталығындағы ЖК «Гаюпова» кондитерлік цехы бүгінде туған күн, үйлену тойы, басқа да салтанатты дастарханның сәнін келтіріп, тіл үйірер дәмді тағамдарымен көпке танымал.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізген кәсіпкерлік нысанында 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер Әйгерім Каюпова наубайханада пісірілген өнімдері сауда дүкендеріне, сондай-ақ, аудандағы мектеп, балабақшаларға жеткізіліп отыратынын айтты.
– Тәттіден бас тартатын адам жоқ шығар. Себебі, оны балалар ғана емес, ересектер де сүйсініп жейді. Біздегі кондитерлік өнімдер көлемі, дәмі, безендірілуі жағынан бір-бірінен асып түседі. Бағасы да қолжетімді. Бүгінде наубайханадан күніне 500-ге жуық нан өнімдері шығарылады. Өмірде мақсатсыз адам болмайды, менің де алға қойған басты мақсатым – осы кәсіпті кеңейту арқылы аудан дамуына серпін беру, – дейді кәсіпкер.
«Тәтті» наубайханасы 2012 жылдан бері жұ­мыс­ жасайды. Осы уақыт аралығында тұр­ғын­дар­­дың сұранысына сай түрлі нан өнімдерін пісіріп, тұ­тынушы талғамынан шыға білді. Енді, кәсіпті одан әрі ке­ңейтуді көздеп отыр.

Нұрсұлтан Қазбеков.
17 сәуір 2018 ж. 1 427 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930