“Жұмыс берушілер” Павлодар тұрғынының атына 5 несие рәсімдеген
Павлодар тұрғыны сайт арқылы жұмыс іздеймін деп қарызға белшеден батты. Ер адам жалақының орнына микрокредит ұйымынан есепшоттар алып отырған.
Максим Максимов сайт арқылы фармацевтикалық компанияға көлік жүргізушісі керек деген хабаландыру оқиды. Жұмыс беруші құжаттарының көшірмесін поштасына жіберуді сұрайды, деп хабарлайды 31 арна.
«Бастапқыда микроқаржы ұйымының коллекторлары хабарласып, қарызды беруді сұрады. Мен бұған қалай жауап берерімді білмей, хабарласқандардың бәріне шаблон жіберіп отырдым», – дейді ол.
Бірнеше күннің ішінде Максимге 5 несие рәсімдеген. Әр несие 300 мың теңге көлемінде. Пайыздық үстемесі көп. Тергеу екінші жыл қатарынан жалғасып жатыр.
«Іс бойынша бір адам күдікті деп танылды. Ол Қарағанды облысының тұрғыны. Қазі роны ұстау шарасы жүруде», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Микроқаржы ұйымдары несие беру үшін құжат көшірмесі мен сурет сұрайды. Алаяқтар желідегі кез келген адамның суретін жібере алады. Өтінішті толтырып, карта мен телефон нөмірін жібереді. Ақша картаға түседі.
«Жұмысқа орналаспай тұрып құжаттарыңды сканерлеп фирмаларға жіберуге болмайды. Алдымен оның қандай фирма екенін, ол туралы ақпараттың бар-жоғын тексеру керек», – дейді ақпараттық технология маман Максим Пекарский.
Пікір 1