Болашақта қазақстандықтар несиенің пайызын төмендету немесе төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болады
Ендігі қазақстандықтарда несиенің пайызын төмендету немесе төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігі пайда болады. Алдағы уақытта билік жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заңды ұсынады. Құжаттың егжей-тегжейі әлі белгісіз. Алайда ол несие алып, артынша қандай да бір себепті несиені төлей алмаған адамдардың құқығын қорғауы тиіс.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заңның қажеттілігі жөнінде елімізде сөз қозғалып жатқаны алғашқы жыл емес. Ендігі заң жобасының сәуір айында Министрлер кабинетіне ұсынылатыны белгілі болды. Ол ең бірінші кезекте несие алушылардың құқығын қорғауы тиіс.
«Бұл заң несие алушының құқығын қорғауйды. Несиеден толық босатпаса да, басындағы соңғы баспанасын тартып алмас үшін, несие тарихын сақтау, несие уақтын қарастыру және ұзарту, кейінге қалдыру мүмкіндігі пайда болады», – дейді «Финпотребсоюз» АҚ төрағасы Айдар Әлібаев.
Мұндай заң бірақатар дамыған елдерде бар. Ресейде бұл заң 2 жыл бұрын қабылданған. Клиент өзінің банкротқа ұшырағанын мойындау үшін, 500 мың рубль көлемінде қарызданып, 90 күннен астам уақыт қарызын төлемеген болуы тиіс. Егер сот қуынымды қанағаттандырса, несие беруші пайыздардың еселенуін тоқтатады. Сондай-ақ, несие алуышының басындағы жалғыз баспанасы да тартып алынбайды.
«Әрине, мұндай заң арам ойлы қарыз алушыларға олжа болмаса екен дейміз. Бірақ, менің ойымша, заң мұның бәрін қарастырады. Бұл оңай болмайды», – дейді Бірінші несие бюросының бизнесті дамыту бойынша директоры Әсем Нұрғалиева.
Әзірге Қазақстан заңы бойынша шығынға ұшыраудың қандай сипатта болары белгісіз.
«Нәтижесінде жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заң пайда болып, іс жүзінде ештеңе өзгермесе немесе жағдай нашарлай түссе, заңға қоғам белсенділерінің және еркін сарапшылардың араласуы керек болады», – дейді «Финпотребсоюз» АҚ төрағасы Айдар Әлібаев.
Ал экономистердің сөзінше, жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заң банктердің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Олар несие беруді ұйғару алдында клиенттерін мұқият тексеретін болады. Десе де құжаттың басты идеясы – нақты себептер бойынша қиын жағдайда қалған несие алушылардың қаржылық қиындығын жеңілдету.

Stan.kz