» » Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен піштіру заңды күшіне енді

Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен піштіру заңды күшіне енді


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда педофилдер химиялық жолмен піштірілетін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 
РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалар құқығын қорғауға қатысты көптеген құжатқа қол қойды. Олардың бірі педофилдерді химиялық жолмен піштіруді қарастыру болатын.
Бас прокуратураның хабарлауынша, аталған заңға сәйкес енді кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді зорлағандарға қандай жағдай болса да, шартты түрде жазалау, амнистия қолдану, ауыр жазасын жеңілдету, мерзімінен бұрын босату, олармен процессуалды келісімдер жасау сынды жеңілдіктер болмайды.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сот шешімімен химиялық жолмен піштіру қолданылады, яғни қылмыскерлерге жыныстық қатынасқа қабілеттілікті төмендететін дәрілер ішкізеді», – делінген хабарламада.

Бұл норма 18 жастан асқан қылмыскерлерге қолданылады. Аталған заңды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі.
04 қаңтар 2018 ж. 1 284 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 186

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031