» » Талдықорған жұрты мешіт тазалап, тамақ дайындайтын әйелге ақша жинап көлік алып берді (фото)

Талдықорған жұрты мешіт тазалап, тамақ дайындайтын әйелге ақша жинап көлік алып берді (фото)


Талдықорғанда мешітке келушілер аспаз әйелге көлік алып берді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Жамағаттың ақша жинап жатқаны түсірілеген видео желіде тарап кетті.
“Талдықорғандағы мешіт. Аспазға көлік алып беру үшін ақша жинап жатырмыз. Міне, осындай одеялдармен жинаймыз. (…)”, – дейді видео авторы.
ҚМДБ мәліметінше, аспаз әйелдің есімі Земфира. Ол екі жарым жылдан бері мешітті тазалап, тамақ дайындап жүр. 30 мың теңге үшін мешіт тазалап, 50 мың теңге үшін аспаз болып келеді.



“Мешітте шамамен 20 оқушы бар. Олар “садақаға жиналып жатқан ақшаға Земфира апайға көлік алып берейік” деп ұсынды. Ол әйел осы күнге дейін олардың анасындай болып келді. Өте қамқор, мейірімді әйел. Ол көлік мінуге лайық. Демалыссыз жұмыс істейді.



Мешітті тазалағаны үшін 30 мың теңге алады, ал тамақ дайындағаны үшін 50 мың теңге алады. Қаланың шетінде тұрады, жеткенше 3 автобус ауыстырады. Сондықтан біз Қадір түні болған кезде оған 537 мың теңге жинадық. Үстінен тағы 150 мың теңге қосып, 1993 жылы шыққан Nissan Primera көлігін алып бердік. Бүгін, Ораза айт күні оған көлік кілтін табыстадық”, – дейді мешіттегілер.




http://stan.kz
15 маусым 2018 ж. 1 054 0