» » Семейде мешітке найзағай түсіп өртенді

Семейде мешітке найзағай түсіп өртенді


Кеше, 13 маусым күні сағат 18: 13-де найзағайдың түсуінен Семей қаласы Волгоград көшесіндегі Төлеубек мешіті өртенді.  Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Өрт имамдар отыратын бөлмеден шыққан. Ондағы жиһаз, жеке заттар және тұрмыстық техника өртке оранған. Ауданы 10 шаршы метрді құраған қызыл жалын сағат 19: 07-де толығымен сөндірілді.
«Тексеру кезінде тілсіз жаудың шығуына қатысты 2 болжам қарастырылып отыр. Өрт найзағайдың түсуінен  немесе электр құрылғыларының авариялық жағдайда жұмыс істеуінен болуы мүмкін. Қазір нақты себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.



http://stan.kz
15 маусым 2018 ж. 2 116 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30