База 50%-ға жаңарды: Биыл ҰБТ қалай өтеді
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов биылғы жылғы тестілеудің қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Биыл ҰБТ 15-жыл өткізілмек. Осы жылдар ішінде 1,5 түлек тест тапсырды. Қазіргі уақытта ҰБТ-ға дайындық штатты режімде. Барлық аудиториялар дайын. Формат өзгертілмейді, өздеріңіз білетіндей, міндетті үш пән: Қазақстан тарихы 20 сұрақ, математикалық сауаттылық – 20 сұрақ, оқу сауаттылығы – 20 сұрақ, екі таңдау пәні 30 сұрақтан тұрады», – дейді Рамазан Әлімқұлов.
Ол апелляция сұрақтарының жайын түсіндіріп өтті.
«Қазір апелляциялық комиссия құрамында 54 адам бар. Апелляция жұмысы да бұрынғыдай. Сағат 13:00-ге дейін тест тапсырған талапкер қандай да бір сұрақтың жауабына көңілі толмаса, жергілікті апелляция коиссиясына шағымдана алады. Комиссиядағылар талапкердің шағымы орынды деп тапса, матералды республикалық апелляциялық комиссияға жолдайды», – дейді Әлімқұлов.
Былтыр 198 апелляцияық шағым түскен. Оның 50 %-ы техникалық сұрақтарға қатысты.
«Мәтіндер араласып кеткен жағдайлар болады. Ондай кезде балл қосылады. 2017 жылы шамамен 98 шағым қанағаттандырылды. Ескертетін жайт, кей сұрақтар қайталанады. Былтыр 40 мың тест сұрағы болды. Оның 98-і, яғни, 0,02%-на шағым түсті. Биыл база 50%-ға жаңарды. 2018 жылдың ҰБТ сұрақтары саны 80 мың», – деді Рамазан Әлімқұлов.