Сыбайлас жемқорлық дамуды тежейді
Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Мәжілісті ашқан аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Мемлекет басшысының таяуда өткен үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде құқық қорғау органдарының басшыларына сыбайлас жемқорлықпен ашық әрі әділ күресуді тапсырғанын және жемқорлыққа жол берген кез-келген мемлекеттік қызметкерге кешірім болмайтыны жайында айтқанын тағы да еске салды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары туралы аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Өсер хабарлама жасады.
Сыбайлас жемқорлықтың түбі мемлекеттің күйреуіне алып келеді. Қазірде әлем елдері осы қоғамдық кеселмен күресіп жатыр. Қоғам өзегіне бір түссе бүкіл өн бойын кеулеп, мемлекетке қауіп төндіретін жегі жемқорлық дерті біздің елімізде де терең тамыр жая бастады. Жең ұшынан жалғасып, мемлекет қаржысын жымқырудың жолын кесу жұмыстары ауданымызда да жүріп жатыр. Мәулен Жайшылықұлы өз хабарламасында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жәрдем туғызатын құқық бұзушылықтар мен заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында заң талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіп келе жатқандығын баяндады. Атап айтсақ, жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзіретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеу мақсатында бөлім басшылығы әрбір қызметкердің жұмыс орындарын және сейфтерін, учаскелік полиция инспекторларының учаскелік пункттерін, жұмыс папкаларын тексеріп, заң талаптарының бұзылмауын қатаң қадағалауға алған. Аталған қылмыстың алдын-алуда әскери-қызметтік сабақтарындағы лекциялар мен түсіндірме жұмыстарының да тигізер көмегі көп. Әр тоқсан сайын аудандық аурухана мен елді мекендердегі дәрігерлік пункттермен және аудандағы басқа да мекемелермен салыстыру актісі жасалынып, ауданнан қашық орналасқан елді мекен тұрғындарымен кездесіп, полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін анықтау бағытында да жұмыстар жүргізіліп келеді. Аталған бөлім ғимараты алдында жеке тұлғаларға арналған арыз-шағым жәшігі орнатылған және жергілікті басылым беттеріне «Сенім телефоны» жарық көрген. Яғни құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықпен күресуді ең алдымен өздерінен бастаған. Хабарламадан соң аудан басшысы Мәулен Жайшылықұлына бұл бағыттағы жұмысты әлі де жандандыру керектігін айта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиісті органдармен бірлесіп жүргізілмейтінін, елді мекендердегі учаскелік полиция инспекторларының жұмыс орындарында сенім телефондары мен жарнама тақталары орнатылмағанын және ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырбында аудандық басылым беттеріне мақала жарияланбағанын сынға алып, жедел арада осы олқылықтарды түзетуді тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеде Жалағаш кенті әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған шаралары туралы кент әкімі Н.Бәйімбет хабарлама жасады. Хабарлама барысында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттары қатаң сақталуы бағытында жүйелі жұмыс жасалып келе жатқандығы айтылды.
Мәжілісті қортындылаған Қайратбек Әубәкірұлы Нұрлан Ержанұлына және ауылдық округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшыларына халықтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін насихаттайтын көрнекі құралдардың бірі – кент көшелеріндегі бильбордттарды көбейтуді және ескіргендерін жаңалауды, жер учаскелерін, балабақшаға балаларды орналастыру кезектілігінің заңнама талаптарына сәйкес жүргізуді, жергілікті баспасөз бетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мақалалар жариялауды, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.

Қуат АДИС.