ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚҰЛДЫРАТАДЫ

Семинарды ашқан аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ө.Жақсылық басқосудың маңызына тоқталып, бүгінгі қоғамда жиі көрініс беріп отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту үшін алдымен әр азамат өзін-өзі құқықтық тұрғыдан сауатын жетілдіріп, ішкі мәдениетін қалыптастыруы керектігін және де қоғамды жайлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген амалдар – мемлекеттік қызметтің жүйесін күшейтуге ықпал ететініне тоқталды.
Сондай-ақ семинар барысында Г.Утеев пен Ө.Жақсылық қазіргі қолданыстағы 18.11.2015 жылғы №410-V Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі құралы екендігін атап өтті және осы тақырыптарды талдап, түсіндірді. Г.Утеев құқық қорғау органдары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатқанын, алайда, елімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың көрсеткіші төмендемей отырғанына қынжылыс білдірді. Осыған байланысты Г.Утеев ҚР 18.11.2015 жылғы №410-V Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және 12.01.2007 жылғы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдарынан туындайтын жалпы жауапкершіліктерге тоқталып, түсіндірме жасады. Осы орайда Г.Утеев сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің дамуына, оның экономикалық өсуіне және тұрақтылығына қауіп төндіріп тұрғанына назар аударды. Семинар тақырыбына байланысты қызметкерлер тарапынан қойылған бірнеше сауалдарға жауап беріліп, ой-пікірлер ортаға салынды. Аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Есжанов қазынашылық басқармасы тарапынан қоғамдағы жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бақылау күшейтілгендігін жеткізді.
Семинарды қорытындылаған басқарма басшысы жалпы құқықтық сабақтардың, семинарлардың жиі өткізілуі қызметкерлердің білімі мен білігінің артуына, еңбек тәртбінің күшейуіне оң әсер ететінін атап өтті.
Ө.Жақсылық,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.