» » САПАЛЫ ӘРІ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

САПАЛЫ ӘРІ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Жуырда ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар-кеңес өтті.

Жиынға ҚР АШМ АӨК МИК-нің аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Б.Ақбергенов, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы А.Ақтанов, «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС-нің өкілдері, бірқатар шаруа қожалық төрағалары және кәсіпкерлер қатысты.
Семинар барысында аудандық аумақтық инспекциясынан мемлекеттік қызмет алудағы жеке және заңды тұлға өкілдерінің сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау шаралары, пара ұсынбау, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тегін жүргізілетіндігі, инспекция қызметкерлерінің атқаратын қызметі мен жұмыстары түсіндірілді. «Жеке және заңды тұлға өкілдеріне инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін. Инспекция қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер толықтай өз құқықтарын біліп, жауапкершілік шегінен аспауы қажет. Инспекторларға пара ұсыну және пара сұралған жағдайда аудандық инспекция басшысының немесе облыстық аумақтық инспекция басшысының байланыс телефондарына хабарласу қажет», – деді аудандық аумақтық инспекция басшысы Б.Нұрмаханов.
Аталған сала мамандарының сөзіне сүйенсек, осы уақытқа дейін жеке және заңды тұлға өкілдері инспекциядан сертификат алуда, карантиндік бақылау, қадағалау жұмыстарында инспекторлар тарапынан келеңсіз жағдайлар орын алмаған және еш қиындық болмаған. Мұнан әрі де кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға сапалы әрі тегін қызметтер көрсетілетін болады. Бастысы, сыбайластықтың көріністері белең алмауына әрі қарай да күш салатынын мәлімдеді инспекция өкілдері.

«ЖЖ» ақпарат.
03 ақпан 2018 ж. 1 966 0