» » Бұғы мүйізімен емдейтін шипажай ашылды

Бұғы мүйізімен емдейтін шипажай ашылды


Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Зәру» пантомен емдеу шипажайы ашылды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жобаның жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
 «Мен осында тек ақтөбеліктер ғана емес,  сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көршілес өңірлерінің тұрғындары да келеді деп ойлаймын. Қазіргі заманғы пантомен емдеу шипажайының ашылуы - дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы мен табысты аймақаралық ынтымақтастықты белсенді дамытудың айғағы. Біз аграрлық секторда облыс үшін таңсық өндірістің түрлерін қолдау арқылы экономиканың бұрын игерілмеген әлеуетін пайдаланып, ең бастысы - азаматтарымызды өз өндірісіміздің пайдалы өнімдерімен қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті  Бердібек Сапарбаев.  
Сонымен қатар, аймақ басшысы жергілікті билік дәстүрлі емес ауыл шаруашылығымен айналысатын АӨК субъектілері үшін толық қолдау көрсетеді деп сендірді.   Айта кетейік, мемлекеттік қолдау шараларының біразы бұғы мүйізімен емдейтін емхана-шипажайдың екі қабатты ғимаратының құрылысы мен оның жанында жұмыс жасап жатқан марал өсіру фермасына да қолданылды. Жергілікті органдар Қазан ауылына жақын маңдағы фермаға 700 гектар және шипажайға тағы 1 гектар жер бөлген. Кәсіпкерлікті бірыңғай қолдау мен дамытудың «БЖК-2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставканы субсидиялау арқылы 150 млн теңге көлемінде қарыз қаражаты берілді. Жобаның жалпы құны - 450 млн теңге. Шипажайға Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген 150-ден аса марал әкелінеді. Фермада барлығы 30 адам еңбек етпек. Келешекте марал мүйізінің негізінде биологиялық қоспалар шығару жоспарда бар. Шипажайдың алғашқы келушілері 25 маусымда келеді деп күтілуде. Пантотерапия курсының ұзақтығы 5-10 күн.




http://www.syrboyi.kz

21 маусым 2018 ж. 974 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031