» » Дәстүрлі шара жалғасын тапты

Дәстүрлі шара жалғасын тапты


Жаңақорған ауданында IV облыстық малшылар слеті өтті. Дәстүрлі шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшы қызметкерлері, еліміздің белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.
Биыл төртінші мәрте жалғасын тапқан слетте жергілікті тауар өндірушілер өнім­дері, ветеринарлық техника мен құ­рал-жабдықтарының көрмесі ұйым­дас­ты­рылды. Сондай-ақ, асыл тұ­қымды мал шаруашылығын дамыту және мал ша­руашылығы өнімдерінің бәсекеге қа­бі­лет­тілігін арттыру мәселелері бойынша семи­нар өтті.
Қатысушылар ауданда орналасқан «Орда Агротехнология» және «Бекарыс Агрофуд» репродукциялық шаруа­шы­лықтардың жұмысымен танысты. Шаруа­шылықтар «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп, ет ба­ғытындағы 150 бас «Санта Гертруда» тұқымды және 300 бас қалмақ тұқымды ірі қара мал сатып алып, селекциялық жұмыс жүргізуде.
Дәстүрлі слетте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып табылатынын және осы күнге дейін республикада жетекші сала екенін атап өтті.
– Бүгінгі күні ата кәсібіміз – мал шаруашылығының ел экономикасындағы салмағы азайғанымен, оның тұрмыстық-шаруашылық, тарихи-мәдени мән-мағы­насы кеміген жоқ. Әсіресе, әлемде жылдан жылға халық санының өсуінен сапалы азық-түлік өндіру ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселеге айналып отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілер бола аламыз». Сондықтан, көп жыл ұмыт болып, бүгінде дәстүрге айналған малшылар слетінің негізгі мақсаты да - төрт түліктің жаңа замандағы алар орны жайлы ой салу. Осы кәсіпті кеңейтіп, оны дамытудың жолдары туралы пікір алмасу. Ықылым заманнан келе жатқан ата-бабаларымыздың «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы!» деген қағидасын жаңа ХХІ ғасырда да үлкен ниетпен, үлкен үмітпен қайталаймыз, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Қ.Көшербаев жыл са­йын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып жатқанын ескере отырып, келесіде республикалық деңгейде өткізуді ұсынды. Дәстүр бойынша аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері ҚР АШМ медальдары мен құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында жалағаштық еңбек озаттары да бар. Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен Республикалық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің са­лалық кәсіподағының төрағасы Әбубәкір Сүлейменов үздіктерді марапаттап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Одан бөлек, 30 озат малшыға бағалы сыйлықтар табыс­талды.
Іс-шара соңында гала-концерт пен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

«ЖЖ» ақпарат.

15 мамыр 2018 ж. 1 348 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930