ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАЛШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ 11-12 мамыр күндері Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында IV облыстық малшылар слеті өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшы қызметкерлері, еліміздің белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.Слет аясында жергілікті тауар өндірушілер өнімдері, ветеринарлық техника мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша семинар өтті.Слетке қатысушылар ауданда орналасқан «Орда Агротехнология» және «Бекарыс Агрофуд» репродукциялық шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Шаруашылықтар «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп, ет бағытындағы 150 бас «Санта Гертруда» тұқымды және 300 бас қалмақ тұқымды ірі қара мал сатып алып, селекциялық жұмыс жүргізіп жатыр.Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып табылатынын және осы күнге дейін республикамызда жетекші сала екендігін атап өтті.«Бүгінгі күні ата кәсібіміз – мал шаруашылығының ел экономикасындағы салмағы азайғанымен, оның тұрмыстық-шаруашылық, тарихи-мәдени мән-мағынасы кеміген жоқ. Әсіресе, әлемде жылдан жылға халық санының өсуінен сапалы азық-түлік өндіру ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселеге айналып отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілер бола аламыз». Сондықтан, көп жыл ұмыт болып, бүгінде дәстүрге айналған малшылар слетінің негізгі мақсаты да - төрт түліктің жаңа замандағы алар орны жайлы ой салу. Осы кәсіпті кеңейтіп, оны дамытудың жолдары туралы пікір алмасу. Ықылым заманнан келе жатқан ата-бабаларымыздың «малым-жанымның, жаным-арымның садағасы!» деген қағидасын жаңа ХХІ ғасырда да үлкен ниетпен, үлкен үмітпен қайталаймыз!», - деді аймақ басшысы.Айта кету қажет, облыс тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі «Агрокартасын» қабылданды. Жоспарға сай 2022 жылға дейін облыста ет өндірісін 13 мың тоннаға, сүт өндірісін 68 мың тоннаға ұлғайту және 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 есеге дейін арттыру тиіс.«Облыстың географиялық жағынан тиімді орналасуы Қытай, Орталық Азия, Ресей, Еуропа мемлекеттеріне өнімдерімізді экспорттауға өте қолайлы. «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы Иран және Парсы шығанағындағы елдермен сауда-саттық жасаудың жолын ашып отыр. Ал, буферлік аймақтан шығуымыз, өткен жылдың өзінде Иран, Монғолия, Біріккен Араб Әмірлігіне 2,3 мың бас тірілей қозы етке өткізу мақсатында экспорттауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті өңір басшысы.Қазір Иран, Қытай, Монғолия, Еуропа, Ресей елдері Қазақстанда өндірілетін табиғи өнімдерге үлкен қызығушылық танытып, агросекторға инвестиция салуға, өндірілген ауылшаруашылық өнімдерді сатып алуға дайын екендігін білдіруде.Айта кету қажет, соңғы 5 жылдың өзінде салаға тартылған инвестиция 23 есеге ұлғайды. Өткен жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы облыстық бюджеттен мал шаруашылығын дамытуға 1 млрд. теңге қаржы бөлінсе, биыл 1,3 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Облыста мал басы, өткен ғасырдағы ең көп болған уақыты - 1993 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 29,6%, жылқы – 50,4%, түйе саны – 52,5%-ға көбейіп отыр. Оның ішінде, соңғы 5 жылда ұйымдастырылған шаруашылықтарда ет өңдіру 2,7 есеге көбейсе, сүт өндірудің көлемі 1,6 есеге артып отыр.Облыста «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының аясында мал басы көбейіп, тұқым түрлендіру жұмыстары атқарылуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын репродукторлық шаруашылықтар құрылды. Тек соңғы 5 жылда 4,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара, 36 мың бас қой сатып алынды, жылына 23 мың бас мүйізді ірі қара малын бордақылайтын алаң құрылыстары салынды.Сондай-ақ, облыс әкімі мал шаруашылығын дамытуда шешімін күткен мәселелер (жем-шөп қорының жеткіліксіздігі, мал басының жеке сектордағы үлесінің басым болуы, жергілікті мал өнімділігінің төменділігі) де жеткілікті екенін атап өтті және оларды шешу мақсатында жайылымдық жерді барынша тиімді пайдаланып, ет, сүт, жүн, теріні терең өңдейтін жаңа технологияларды енгізу және жеке секторда отбасылық шағын тауарлы өндірістерді ұйымдастыру мен оларды ауыл шаруашылығы кооперативіне біріктіру жөнінде ұсыныс айтты.Аймақ басшысының айтуынша, ол бір жағынан, ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, екінші жағынан, ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген халықты тұрақты жұмыспен қамтуға тиімді мүмкіндік береді.Жыл сайын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, Қ.Көшербаев келесі жылы малшылар слетін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.Дәстүр бойынша аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері ҚР АШМ медальдары мен құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен Республикалық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіп одағының төрағасы Әбубәкір Сүлейменов үздіктерді марапаттап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Одан бөлек, 30 озат малшыға бағалы сыйлықтар табысталды.Іс-шара соңында гала-концерт пен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.Анықтама үшін: Жем қорын қалыптастыру мақсатында да облыста егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп, құрама жем өндіретін екі зауыт іске қосылды. Биылғы жылы халықаралық стандартарға сәйкес келетін "Сыр Маржаны" серіктестігінің ет комбинатының құрылысы басталмақшы. Ет, сүт шаруашылығын дамытумен қатар, облыста құс шаруашылығы да қолға алынуда.Былтыр Шиелі ауданында алғашқы жұмыртқа өндіретін "Мөлдір и К" серіктестігінің құс фермасы іске қосылса, Қармақшы ауданында "Қармақшы құс" серіктестігінің 1500 тонна құс етін өндіретін фабрикасының құрылысы басталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласында ет бағытындағы "Орда" шаруа қожалығының, жұмыртқа бағытындағы "Самұрық құс" серіктестігінің құс фермалары жұмыс істеп тұр.Облыста мал шаруашылығын дамутыдың кластерлдік негізі қалыптастырылуда. Осы шаралар толық орындалғанда 2019 жылы мал шаруашылығының дамуы қалыпты өсіп, ет өндірісі 17%, сүт өндірісі 7%, жұмыртқа 65%, құс етін өндіру 69,9 есеге артады деп күтілуде.http://www.syrboyi.kz Қоғам 12 мамыр 2018 ж. 1 050 2
Пікір 2